Жаңалықтар

Күдікті әлі табылған жоқ. БҚО-да дүкен иесін атып кетті

Күдікті әлі табылған жоқ. БҚО-да дүкен иесін атып кетті
19.07.2022 04:35 5604

БҚО-да дүкен иесі оққа ұшты. Қылмыс қаруы ауладан табылды, деп хабарлайды  EL.KZ облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам дүкеннің қожайыны болған. Мәйіт Ақсай қаласында 15 шілде күні табылды. Кәсіпкердің басына оқ тиіп мерт болған.

Үйдің ауласынан белгісіз маркадағы кесілген шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Мәйіт Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға