Жаңалықтар

КӘДЕЛІ АС

КӘДЕЛІ АС – қонақ күту кезінде адамдардың жа- сына, мәртебесіне қарай сойылатын мал, сыбағаланып тартылатын ет мүшелері немесе арнайы жасалған тағам түрлері.
19.08.2014 09:14 8203

КӘДЕЛІ АС – қонақ күту кезінде адамдардың жа- сына, мәртебесіне қарай сойылатын мал, сыбағаланып тартылатын ет мүшелері немесе арнайы жасалған тағам түрлері. К. а. – малдан алынатын өнімдер ішіндегі жекелеген түрлерінің, әсіресе, ет мүшелерінің нәрлі, дәмді әрі құнарлылық деңгейін ескере отырып, әрбір қоғам мүшесіне тиесілі немесе керісінше болуы керектігін белгілеген бөлініс. Танымал би-шешен, төре, сұлтандар сынды сый- лы қонақ келіп қалғанда, оларды тай, жабағы сойып сый- лайтын болса, жасы, мәртебесі мен дәрежесі одан төмен адамдарға марқа қозы, қой сойып күтеді. Кейбір түстеніп аттанатын қонақтарға бір жілік ет асып беру түрінде де жасалады. Сондай-ақ, тамақ үстіне келіп қалған адам от- басы мүшелерімен сол тамақты бірге жесе де, соңында ол қонаққа тиесілі сыбағалы тамағын асып, яғни кәделі асын беру шарт. Қонақ келген кезде үйде бұрыннан тұрған кәделі жіліктер бар болса да, арнайы мал сойылуы – кәделі, сыбағалы малын, асын беріп сыйлау қонақжайлылық салтына байланысты қалыптасқан әдеттік құқық нормаларына сай атқарылатын үрдістер қатарына жатады (қ. Жілік; Сыбаға).

Сойылып, жіліктеліп бұзылған мал мүшелерінің ішінде ең кәделісі – бас (шеке), одан кейін жамбас, асық жілік, ортан жілік, белдемелерге қосымшалап қазы-қарта, жал-жаядан тартады. Төсті – күйеу, келінге, бастан құлақты – балаға, таңдайды – қыз балаға, жұмыр қарындағы ұлтабар қарынды – келінге сыбағалап беруі де олардың К. а.-ы саналады (қ. Ас-тағам; Бас тарту; Ет тағамдары). Қонақ шақыратын кезде алдын-ала дайындық бары- сында қымызды да арнайы баптап ашытатын болған. Орта ғасырлық деректерден мәлім болған сондай қымыздың ерекше бір түрін қара қымыз деп атаған (қ. Қымыз). Үлкендерге арнап негізгі тамақпен бірге қимай, бұжы сияқты ұсақталып туралып, түрлі дәмдегіштер қосылған ет тағамдары, жаңа дайындалған ақ немесе қызыл ірімшікке сары май, қаймақ қосып дайындаған ақмарқа, ақлақ сын- ды кәделі тамақтар ұсынып сыйлаған (қ. Ақлақ; Бұжы; Жеңсік ас).

К. а.-ты белгілі бір кәдені немесе қонақ күту үдерісінің мән-мағынасына, ауқымына байланысты атқарылатын кәделерді жүзеге асырудың ең басты «құралы» деп бағамдауға болады. Яғни К. а.-ты дәстүрлі ортадағы қоғамдық қатынастардың ілкімді принциптері мен нормаларының қалыпты күйін қамтамасыз ететін институт ретінде де қарастыру қажет. 

Кәділе ас туралы мәліметтер жетерлік, бірақ бірегей мәліметтерді осы жерден таба аласыз.

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға