Jibek Joly туристік пойызы екінші сапарына шықты. Бұл жолы теміржол саяхатының аясы кеңейіп, Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Jibek Jolyтуристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша сапарын бастады. Тур 2-7 қаңтар аралығында 5 күнге жалғасады. Екінші сапарға 100-ден астам жолаушы аттанды.
Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген. Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кіреді.
Айта кетейік, бұл жолғы теміржол саяхатының басты ерекшелігі – туристер пойызда түнейді. Пойыз сол уақытта белгіленген бағыт бойынша қозғалысын жалғастырады.
Халықаралық турды «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы Kazakh Tourism ҰК АҚ және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті сапарына аттанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
02.01.2025 18:04
525
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдан 192 шақырым жерде жер сілкінді