Израильдің Газаға шабуылы кезінде БҰҰ-ның өңірлік ғимараты қирады

Израиль әуе күшінің Газа секторына жасаған шабуылы салдарынан БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестикалық босқындар мен жұмыстарды ұйымдастыру ғимараты қирап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Anadolu-ға сілтеме жасап.
Эр-Римал кварталындағы штаб-пәтер ғимаратына айтарлықтай залал келтірілген.
Газадағы БҰҰ-ның барлық қызметкері сол аумақтағы көрші ғимаратты паналауға мәжбүр болған.
7 қазанда басталған Израильдің Газа секторына жасаған шабуылы салдарынан БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігінің екі қызметкері мен агенттіктің оқу орнында білім алып жатқан бес палестиналық қаза тапты.
Газадағы израильдік шабуылдан қаза тапқандар саны 770-ке жеткен. Сондай-ақ 4 мыңдай адам жараланған.
Израильдік БАҚ-тың мәліметінше, Газа секторындағы атыс кезінде көз жұмған израильдіктердің саны 1000 адамнан асты.
Газадағы израильдік шабуылдың құрбандарының арасында кем дегенде БАҚ-тың жеті қызметкері бар.
