Жаңалықтар

Израильдің бас раввині дінге сену мен адамға сенудің байланысы туралы айтты

Адамның дінге сенуі мен адамның адамға сенуі тығыз байланысты.
Израильдің бас раввині дінге сену мен адамға сенудің байланысы туралы айтты
Фото: akorda.kz 14.09.2022 12:13 2826

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Израильдің бас раввині адамдар арасындағы бейбітшілік туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.  

Израильдің Бас Сефард раввині Ицхак Иосиф бейбітшілік үшін құлшылық етуден артығы жоқ екенін айтты. Әлемнің барлық адамдарын бейбіт өмір сүруге шақырды.  

«Еврей дініндегі негізгі қағида - бейбітшілік. Дін барлық адамзаттың негізі, Құдайдың бір аты. Менің мойнымда алқа бар. Менің тәлімгер әкемнен алынған алқа. Ол раббиндер ұрпақтарының маңыздыларының бірі. Бұл алқада жаратушының бейнесі бар. Адамдар арасында өтірік айтпа, жауыздық жасама деген өсиет бар», - деді ол.

Ицхак Иосиф бұл барлығына арналған өсиет екенін айтты.

«Құдайға, жаратушыға сенем. Бірақ маған өзгеге жамандық айту тағдыры бұйырмаған. Басқа адамға жамандық жасауға өтірік айтуға, оның өмірін қиюға рұқсат етілмеген. Адамның дінге сенуі мен адамның адамға сенуі тығыз байланысты. Басқа адамды адам шынайы түрде сүйе алады. Бұл ұғымдардың арасын бөліп қарауға болмайды», - деді Ицхак Иосиф.

Айта кетейік, бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Дін көшбасшыларының бірінші съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өткен болатын. Кейінгі араға үш жыл салып 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылды. Бұл бүгінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға