Жаңалықтар

Израильдегі Қазақстан елшілігі ел азаматтарына үндеу жариялады

Израильдегі Қазақстан елшілігі ел азаматтарына үндеу жариялады
Фото: Ашық дереккөзден 08.10.2023 10:23 906

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына Израильде оқыс жағдайға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Қауіпсіздік саласы бойынша жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына (н. тырақ айтқанда елдің оңтүстігіндегілерге) тылдағы Басшылықтың бұйырығын орындап, қауіпсіз жерге тұрақтап, ол жерден ресми билік өкілдерінің хабарлауынсыз ешқайда шықпауға кеңес береді, - деп жазылған Елшіліктің әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Қазақстанның шұғыл хабар үшін қажет Тель-Авивтегі Елшілігінің телефон нөмірлері төмендегідей:

+972 (3) 741 78 05 (кезекші),

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp),

+7 700 111 31 96 (whatsapp).

Бұған дейін «Хамас» содырлары Израильге шабуыл жасап, көптеген бейбіт тұрғындар қайтыс болған еді. Бұдан бөлек, Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке ұшатын рейстерге билет сатуды уақытша тоқтатты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға