Жаңалықтар

Израильдегі азаматтарымызды елге қайтаруға қосымша рейс қарастырыла ма? Министр жауап берді

Израильдегі азаматтарымызды елге қайтаруға қосымша рейс қарастырыла ма? Министр жауап берді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 11.10.2023 14:33 902

Көлік министрі Марат Қарабаев Израильдегі азаматтарымызды елге қайтаруға қосымша рейс қарастыру мәселесі жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда журналистерге берген сұхбатында айтты.

Израильге қосымша рейс қарастырылмайды. Кеше Тель-Авив – Ақтау –Алматы бағыты бойынша рейс жүзеге асырылды. 160 азамат келді, борттың мүмкіндігі 180 адамға дейін. Яғни орын жетпей қалды деген мәселе болмады. Елге оралғысы келетін барлық азамат Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілді. 166 азаматтың 42-сі шетел азаматы болды, - деді министр.

Сонымен қатар министр жағдай оңалғанға дейін Израильге әуе қатынасы уақытша тоқтатылды деп отыр.

Әуе қатынасын тоқтату Израиль аумағындағы жағдай жақсарғанға дейін жалғасады, - деп атап өтті.

Айта кетейік, кеше арнайы рейспен Израильдегі отандастарымыз Алматыға жеткізілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға