Израиль мен ХАМАС-қа атысты тоқтату жөнінде жаңа келісім ұсынылды

Газа секторындағы қақтығысты тоқтату мақсатында Египет пен Қатар елдері Израиль мен ХАМАС-қа жаңа бітім жобасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келісімнің негізгі талаптарына сәйкес, Израиль аймақтан әскерін толық шығарып, израильдік тұтқындарды босатуы тиіс. Өз кезегінде палестиналық сотталған азаматтарды да бостандыққа шығару қарастырылған.
Аталған бастамаға әзірге екі тараптан да ресми жауап берілген жоқ. Бұған дейін ХАМАС Израиль ұсынған келісім шарттарын қабылдамаған болатын. Әсіресе қозғалыс қаруды тапсыру талабына үзілді-кесілді қарсы екенін ашық мәлімдеген еді.
Айта кетейік, Египет пен Қатар қақтығысты тоқтатуға делдал ретінде белсенді түрде атсалысып келеді. Екі ел де Таяу Шығыста бейбіт келісімге қол жеткізуге мүдделі.
