Израиль Газа секторында әскери операцияларды қайта бастауы мүмкін

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
12.02.2025 18:22
458
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-тан тұтқындарды сенбі күні түске дейін босатуды талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нетаньяхудың айтуынша, егер бұл талап орындалмаса, Израиль (ЦАХАЛ) Газа секторында әскери қимылдарды қайта бастайды.
Егер ХАМАС біздің тұтқындарымызды сенбі күні түске дейін босатпаса, уақытша бітім аяқталады. ЦАХАЛ ХАМАС-ты толық талқандағанға дейін соққыларын жалғастырады, – деді Нетаньяху.
Нетаньяху ХАМАС-ты келісімді бұзды деп айыптап, Израиль әскеріне Газа секторында күштерді шоғырландыруды бұйырғанын мәлімдеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2025 жылы тойланатын мерейтойлар мен атаулы күндер
Келесі жаңалық
Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кім қатысатыны анықталды