Іздеуде жүрген Мәсімов ұсталды
Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында шекарадан өтпек болған
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
13.07.2022 18:09
2020
Шекарадан өтпек болған іздеуде жүрген ұсталды, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.
Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Университеттерде оқу ақысы қымбаттамайды