Жаңалықтар

Іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды

Іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды
Фото: Telegram/GenPr 14.11.2024 09:57 417

Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті екі жылдан бері аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін іздеуде жүрген.

Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды, - делінген мәліметте.

Биылғы қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға