Іздеуде жүрген Әлия Назарбаеваның хатшысы Дубайда ұсталды
«Оператор РОП» ЖШС бойынша іздеуде жүрген Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Миллиардтаған қаржыны ұрлаған “ӨКМ Операторының” басшылары сотталды
Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды, - делінген Антикор ақпаратында.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асыруда.
Айта кетейік, Шынар Мұқтарова 2015 жылы 30 қарашада құрылған «Оператор РОП» ЖШС құрылтайшыларының бірі. Бейресми дереккөздерінде Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі ретінде айтылады.