Іздеуде жүрген 20 жастағы ана мен сәбиі табылды

Алматыда 6 желтоқсанда 20 жастағы жас ана сәбиін алып, үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол ата-анасымен бірге тұратын үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған. Оны іздестіру туралы Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны полицияға хабарлаған. Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті.
7 желтоқсан күні Ақтау қаласы әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады. Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасының қолына тапсырылды.
Жас ананың ата-анасы көлік полицейлеріне дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Қырағылық танытқан сақшылардың жедел әрекеті арқасында жас ана мен сәбиінің жағдайы жақсы.
