Жаңалықтар

Іздеу жарияланған жоғары шенді полицей бір жылдан кейін ұсталды

Іздеу жарияланған жоғары шенді полицей бір жылдан кейін ұсталды
Фото: әлеуметтік желі 04.11.2024 11:35 562

Қарағанды облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұрынғы шенді полицейдің ұсталуына қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді. 

Жедел тергеу амалдарының нәтижесінде іздеуде жүрген К. ұсталды. Ол теріс себептермен 2023 жылы Қарағанды облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы қызметінен босатылды, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Рустам Құлкеев қылмыстық іс кезінде тәркіленген майнингке арналған құрылғыларды ұрлады деген күдікке ілінген. Бұрынғы полиция бастығына қатысты "Ұрлық" және "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға