Жаңалықтар

Ізбасарынан арнау естіген Жүрсін Ерман көз жасына ерік берді

Ізбасарынан арнау естіген Жүрсін Ерман көз жасына ерік берді
Фото: instagram.com/zhursin_yerman 09.11.2023 15:15 2136

Талай жыл айтыс ұйымдастырып, өзі жүргізушісі болып келген ақын Жүрсін Ерман денсаулығы сыр беріп, шетелде ем алып келген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елге оралған ақынның үйіне Аспанбек Шұғатаев бастаған бір топ ізбасары көңіл сұрай барып, ағасына өлең арнапты. Видео Жүрсін Ерманның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Оқи отырыңыз:

Сөйлейін, жастығыңыз түрегелсін,

Жүрсін аға топтарға кіре берсін.

Жуырда «Алтын домбыра» өтеді дейді,

Өзіңіз де барсам деп тілегенсің.

Бұйыртса, сол додада жолығайық,

Жүрсін ағам ұзақ ғұмыр сүре берсін.

«Алтын домбыра» деген не тәйірі?

Көлікті де, басқа ақын міне берсін.

Ең бастысы, жұртымның ортасында,

Жүрсін ағам жарқырап жүре берсін, - деп шырқады Аспанбек Шұғатаев.

Бұл арнау айтулы ақынның жүрегін елжіретсе керек, көз жасына ерік берді.

Ал видеоның астында оқырман қауым Жүрсін Ерманға тезірек сауығып, жаңа туындыларымен көпшілікті қуантуды тілеген.

«Ауырмаңыз, Аллам күш қуат берсін, бұйыртса, жаза алмай жатырмын деген өлеңдеріңізді жарыққа шығарыңыз», «Жүрсін ағамызға Алладан шипа болсын, бойына күш-қуат қонсын...», «Жүрсін ағамыз аман-есен жазылып, халқын қуантуға жазсын, ем болсын!» – деп жазды оқырман.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Журсин Ерман (@zhursin_yerman)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға