Иван Дычко 12-ші жеңісіне қол жеткізді
Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелді және ол соңына дейін созылды.
24.06.2022 08:36
989
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) кездесті. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелді және ол соңына дейін созылды. Иван Дычко төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан боксшысы кәсіби спорттағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді.
Ал Аргентина боксшысы рингте төртінші рет жығылып отыр.
Айта кетейік, И.Дычко бұған дейінгі барлық айқастарын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған болатын. Бұл биылға оның алғашқы жекпе-жегі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандардың саны артып барады
Келесі жаңалық
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады