iTys қалай жұмыс істейді?
«Айтыс» (iTys) атты Тұңғыш қазақстандық мессенджер іске қосылды!
iTys - өзара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлескісі келетін қолданушылар үшін жасалған Бірінші ұлттық қазақстандық мессенджер. Ол қазақ әліпбиінің барлық әрпін қолданып әңгімелесуге мүмкіндік береді. Қосымшада смайликтер, тұсқағаздар, дыбыстар, тақырыптар және т. б. ұлттық стильмен ерекше безендірілген. Қосымша смартфондар (Android) үшін қолжетімді. iTys өзінің Хабарламаны автоөшіру ерекше қызметінің арқасында сіздің жеке хат алмасуыңыздың құпиясын сенімді түрде сақтай алады.
Біріншіден, бұл әлемге әйгілі Whatsapp-тың қазақстандық баламасы.
Яғни, iTys – тұңғыш рет қазақстандық мамандар жасап шығарған, жедел хабар алмасуға арналған мобильдік қосымша.
iTys орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, ең бастысы, қазақ әліпбиінің барлық әріптерін пайдаланып, мемлекеттік тілде хабар алмасуға болатындығымен айрықша.
Бұл ерекшелік оны қазір қолданыста жүрген белгілі мессенджерлерден даралап, әрбір қазақстандыққа арналған, толықтай ұлттық IT-өнім атандырады.
Жаңа отандық өнім мемлекеттік тілді дамыту, үш тұғырлы тіл және қазақ тілін қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық ортаға бейімдеу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерге толығымен сай келеді.
Екіншіден, iTys қосымшасының ең басты ерекшелігі – оның ұлттық мәнерде айшықталған, мемлекеттік тілде қолдануға болатын эксклюзивті интерфейсі мен мәзірі.
Яғни, барлық смайликтер қазақтың ұлттық нақышында жасалған.
Үшіншіден, оның тағы бір маңызды қыры – басқа мессенджерлер сияқты қолдану үшін төлем талап етпейді.
Әркім оны ТЕГІН пайдалана алады.
Осының барлығы хабар алмасуға арналған тұңғыш қазақстандық мобильді қосымша – iTys-ты тек тартымды, қызықты етіп қана қоймай, Қазақстанның кез-келген тұрғыны үшін мейілінше қолжетімді етеді.
Төртіншіден, өзі сияқты басқа қосымшалардан «Айтыстың» тағы бір артықшылығы – онда жеке хаттардың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік беретін хабарламаларды автоматты түрде өшіру функциясы бар.
Мұндай қызмет әлемдегі бір де бір мессенджерде жоқ.
Жобаны жасаушылардың айтуынша, мессенджердің баптауында белгілі бір мерзім өткеннен кейін қандай да бір абонентпен арада болған хаттар автоматты түрде өшіру үшін қалаған уақытты таңдауға болады.
Бесіншіден, iTys – оны жетілдіруге әрбір қазақстандық өзінің үлесін қоса алатын, шын мәніндегі тұңғыш халықтық мессенджер.
Тестлеу режимінде тұтынушылар қосымшаны әрлеуге атсалысып қана қоймай, оның қызмет түрлеріне байланысты ұсыныстарын да бере алады.
Жобаға пікір білдіріп, ұсыныстар енгізіп, ұнаған қызмет түріне дауыс беріп, тақырыптар ұсыну үшін мессенджердің ресми сайты - www.itys.kz сайтына кірсеңіз болғаны.
Ол жерден қосымшаны жүктеп алуға да болады.
Қазіргі таңда қосымшаны жүктеу OC Android-ы бар смартфондар үшін қолжетімді.
Алтыншыдан, қосымшаны жасаушылар желтоқсан айында iOC платформасына шығуды көздеп отыр.
Беташар кезінде оған қатысушылар қосымшаны мобильді телефондарына немесе планшеттеріне тегін жүктеп ала алады.
Жетіншіден, қосымшаны жасаушылар жақын болашақта «Айтыстың» аясында тегін дыбыстық қоңыраулар, қазақ тілінің автокорректоры, графикалық редактор, сондай-ақ, ұлттық үлгіде жасалған жаңа анимациялар мен стикерлер қызметін қосуды көздеп отыр.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін дарынды да креативті қазақстандық суретшілер мен дизайнерлер және iTys жобасына жаңа, қызықты идеяларды жинақтауға қабілетті техниктер жұмылдырылатын болады.
Әзірлеген – Досжан Мейірбек.