Жаңалықтар

Иттері қара қасқа...

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген сөз бар.
17.04.2014 09:36 12376

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген сөз бар. Біз үшін қалыпты жәйтке айналған дүниелерге басқа елдің өкілдері үлкен ықыласпен мән береді. Немесе басқа ұлт мансұқ еткен дүниені біз қастерлеп, қадір тұтамыз. Мәселен...

Иттері қара қасқа...

Кенияда жас жұбайлар шаңырақ көтерген соң, отағасы бір ай бойы әйелдің киімін киіп, әйелі атқаратын жұмысты өзі істейді екен. Бұл өмір бойы әйел болудың қандай екенін, машақаты мен бақыты қандай болатынын біле жүру үшін.

Иттері қара қасқа...

Германияда Жаңа жыл түні сағат 00.00 болған кезде отбасы мүшелері жасына қарамастан бір-бір үстелдің үстіне шығып, секіреді екен. Бұл рәсім әлі күнге дейін жалғасып келеді.   

Иттері қара қасқа...

Жапония мен Новегияда гүлді тек жұп санмен өлшеп береді екен. Егер тақ санмен берілсе, жұпсыз қалған бір тал гүл жалғызсырап, бақытсыз болып қалады екен. Кей елдерде гүлді тек тақ санмен беретіні де есімізде.  

Иттері қара қасқа...

Кейбір Шығыс елдерінде шайды кесеге толтырмай құйып береді. Қонақ қайта-қайта шәй сұраудан жалығып кетсе, оған толтырып құйып береді. Ал, толтырып берген кеседегі шәйді тауысқан адам дереу үйіне қайтады екен. 

Иттері қара қасқа...

Мексикада жылына бір рет діннің рәсімінен бөлек марқұм болғандарды еске алу дәстүрі бар екен. Марқұмның жақындары бейітінің басына гүлдер, күйтабақтар мен киімдер апарады екен. Содан кеш батқанда армансыз көңіл көтеріп, тойлатады екен. Ең бастысы, қайғырып, көңіл босатпау екен.

Иттері қара қасқа...

Дания елінде Жаңа жыл мейрамында көршілерінің есігіне фарфордан жасалған ыдыстарды сындырады екен. Әйтсе де, оған ренжіп, шу шығарып жатқан ешкім болмайды. Барлығы да бақыт үшін жасалады. Тіпті, шыны сынықтары да бірнеше күн жиналмай жатады екен. 

 Иттері қара қасқа...

Егер сіз алда-жалда гректердің үйінде қонақта болсаңыз, жата қап үйін мақтауыңыз қажет. Өйткені, сіз осы мақтауыңыз арқылы үй иесінен өзіңізге ұнаған кез келген дүниені сұрап алуыңызға болады. 

Иттері қара қасқа...

Үндістанның әлдебір штатында мынадай бір рәсім бар екен. Бойжеткен қыз кез келген ер адамға тұрмысқа шығып, үш күн некеде болған соң қайта басына бостандық алуына болады. Ең қызығы, содан кейін ол қалай өмір сүрсе де, не істесе де  еркі біледі. 

 

Иттері қара қасқа...

Тайланд елінде көшеде кетіп бара жатқан жолаушыларды шуға шомылдыратын Сонг Кран атты рәсім бар екен. Оған ашуланып, ешкім қарсы шықпауы тиіс. Кім малмандай су болса, сол бақытты болады екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға