Жаңалықтар

Ит пен мысыққа бөлінген қаржы мүгедектерге жетпейді – депутаттың жанайқайы

Ит пен мысыққа бөлінген қаржы мүгедектерге жетпейді – депутаттың жанайқайы
Фото: Видеодан кадр 18.12.2024 12:40 120

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан елімізде зағип жандар мен мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасалмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен бюджет қаржысы ит-мысықты қорғауға бөлініп, мүгедектерге жетпей қалып жатқанын жасырмады.

Біріншіден, біз жалпы қазақстандықтардың жағдайын жасауымыз керек. Мені ит пен мысығын жақсы көретін қазақстандықтар жек көріп кететін шығар, бірақ біз ең бірінші Конституциямызда айтылған адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуіміз керек. Мен өзім тарихшымын, біз итті жақсы көреміз, жеті қазынаның бірі ретінде құрметтейміз. Мысықты да Пайғамбарымыз жақсы көрген. Бірақ адамдардың құқығы қорғалмай, жағдай жасалмай жатқанда жануарларға көңіл бөлеміз. Комитет отырыстарында айтқанымдай, 15 күн емес, 7 күннен де аз күн сақталуы керек. Ит пен мысық ұстаған әрбір азамат оны қорғауға өзі міндетті, неліктен оған Үкімет қосымша қаржы бөлуі тиіс? Басқаларға бөлінбей жатқан ақшаны неге біз соларға жіберуіміз керек? Әрине, басқа мемлекеттер Жапония, Түркия, Англия секілді ақшамыз қалып жатса, неге қолдамасқа? Бірақ біз қазір өз бюджетімізді жаба алмай жатқанда ит-мысыққа көп ақша бөлініп жатыр. Оның ішінде мүгедектерге ақша жетпей жатыр, - дейді депутат.

Кенжеғұл Сейітжан мүгедек жандарға қатысты құрылыс нормаларын өзгертуді сұрайды.

Мүгедек жандарға қолайсыздықтар өте көп. Қарапайым бағдаршам дұрыс емес. Кез келген қолайлы ортаны өз мамандарымен бірге жасау керек. Бізде ондай жоқ. Тендер ойнатады да, кім ең аз ақша береді, кімнің тендерлік жобасы өтіп кетеді, соларға береді. Ал олар мүгедектігі бар азаматқа жолдың дұрыс салынуы керек екенін қайдан біледі? Құрылыс министрлігінен де ереже енгізуді сұрап жүрміз. Министрліктің ішкі нормалары ақсап жатыр, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға