Испаниядағы аптап ыстықтан 240 адам көз жұмды
Ауа температурасы +45°C-қа дейін жетуі мүмкін.
16.07.2022 23:11
3880
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Карлос III Денсаулық институты 10-14 шілде аралығына есеп жүргізіп, корольдікте сынап бағанының тым жоғарлауына байланысты 237 адам қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды El.kz.
ТАСС мәліметінше, Испанияның мемлекеттік метеорологиялық агенттігі көптеген аймақта ауа-райының қауіптілік деңгейін сары (қауіпті) және қызғылт сарыға (қатты қауіпті) көтерді.
Кейбір провинцияларда дабыл деңгейі ең жоғары деңгейге көтерілді, яғни қызыл (төтенше қауіпті) түске. Ауа температурасы +45°C-қа дейін жетуі мүмкін.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан елшілігі Ресейде оқитын студенттерге үндеу жасады
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді