Жаңалықтар

Испания құрамасы футболдан Еуропа чемпионы атанды

Испания құрамасы футболдан Еуропа чемпионы атанды
Фото: news.sportbox.ru 15.07.2024 02:29 680

Германияда футболдан аяқталған Еуропа чемпионатында Испания құрамасы топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шешуі ойында испандар ағылшындардан 2:1 есебімен басым түсіп, кезекті рет кәрі құрлықтың үздігі атанды. 

Берлинде "Олимпиада стадионында" өткен ойынның алғашқы таймы үздіксіз шабуылдың көп болғанына қарамастан тең аяқталды. Екі құрама қанша тырысса қорғаныстан өткенімен қақпадан саңылау таппады. Екінші тайм басталған сәтте испандар алғашқы минутта есеп ашып, испан шабуылшысы Нико Уильямс құраманы алға шығарды. 

Ал ағылшын қарымта жауап беру үшін 26 минут бойы үздіксіз шабуылға шықты. Ойынның 73-ші минутында Коул Палмер Джуд Беллингем берген пасты қақпаға дәл тебе білді. Алайда испандар осыдан кейін есепті асырып кетті. 86-минутта жартылай қорғаушы Микель Оярсабаль Марк Кукурелья берген пасты мүлт жіберген жоқ. 

Осылайша ойын 2:1 нәтижесімен испандықтардың пайдасына шешілді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға