Жаңалықтар

Испания министрлігі Қазақстан Президентінің жолдауын талқылады

Испания министрлігі Қазақстан Президентінің жолдауын талқылады
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 04.09.2023 21:12 874

Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаев Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігінің Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа және Азия бойынша Бас директоры Хавьер Салидомен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, халықаралық күн тәртібін талқылады.

Испания тарапы ЕО Кеңесінде төрағалық ету кезеңінде қазақ-испан векторын одан әрі нығайтуда елімізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылығымен іске асып жатқан саяси реформалардың барысы туралы хабардар етті.

Осы орайда 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының халыққа жолдауының негізгі ойлары жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға