Жаңалықтар

Исламбек Қуат "Жеңіс" футбол клубына ауысты

Исламбек Қуат "Жеңіс" футбол клубына ауысты
Фото: instagram.com/jenisfk.kz 17.02.2025 06:26 645

Тәжірибелі қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды. Бұл мәліметті клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Исламбек Қуат елорда футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіпқой мансабында «Оқжетпес», «Астана», «Ақтөбе», «Қайрат» және ресейлік «Оренбург», «Химки» футбол клубтарында ойнаған. «Қайраттың» сапында екі рет Қазақстан кубогының иегері болды. 

Футболшы елдің жоғарғы дивизионында және Қазақстан кубогында 250-тан астам кездесу өткізген. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 64 ойын өткізіп, 6 гол соққан.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға