Ислам ойындары. Ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты
Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
12.08.2022 02:34
1140
Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Қоссайыс есебінде ол 253 (114+139) келі көтерді.
Екінші орынды Мансур Алсалим (Сауд Арабиясы) иеленді -252 (115+137) келі. Үздік үштікті 244 (110+134) келі көтерген Индонезиядан келген Ади Нугрохо тұйықтады.
Естеріңізде болса, бұған дейін ел құрамасы 11 медаль алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
