Жаңалықтар

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Фото: Ukimet 10.09.2024 10:20 326

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскені байқалды.

Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар – көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және «сұр экспорт».

Сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімін жаңартуды және отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға