Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ ұрлығына қатысты бірнеше лауазым иесін қызметтен босатты

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ ұрлығына қатысты бірнеше лауазым иесін қызметтен босатты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.02.2024 22:51 972

Еліміздің ішкі істер министрлігі бірқатар лауазымды басшылардың жұмыс барысында жіберген өрелкел қателігі үшін жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың ішінде Алматы қалалық полиция депаратментінің бірқатар лауазымды өкілдері бар. 

2023 жылғы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақ ұрлығына қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның ұсынысына сәйкес, ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы қаласы ПД қызметінің бірқатар басшысы қызметінен босатылды. Сонымен қатар қалалық департаменттің жауапты қызметкерлері де жұмыстан шығарылды, - деді ІІМ-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға