Жаңалықтар

Ішінен құрт шыққан балабақша тамағы: Үш қызметкер жұмыстан босатылды

Ішінен құрт шыққан балабақша тамағы: Үш қызметкер жұмыстан босатылды
Фото: Видеодан кадр 14.01.2025 19:23 223

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандығаш қаласындағы "Самал" балабақшасында  ішінен құрт шыққан тамаққа қатысты аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ауданның бас ұстазы ішінен құрт шыққан ас бүлдіршіндерге берілмеген деп отыр. Яғни ондағы қызметкерлер бұл тамақты дер кезінде байқап үлгеріпті. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Мұғалжар аудандық білім бөлімінің тарапынан және де Ақтөбе облыстық білім басқармасының, сонымен қатар Мұғалжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желіде көрсетілген бейнежазбадағы тамақтың тәрбиеленушіге таратылуына жол берілмеген, яғни, уақытында тоқтатылған. Сонымен қатар, тамақтан улану деректері анықталған жоқ. Жалпы зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша сонымен қатар алынған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады,-деді білім бөлімінің басшысы. 

Соңғы келіп жеткен ақпаратқа сүейнсек, осы жағдайдан кейін балабақшаның меңгерушісі, медбике мен бас аспаз жұмыстан босатылды.

Еске салсақ, біз бұған дейін балалар тамағының ішінен құрт шыққаны туралы жаздық.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мұғалжар аудандық білім бөлімі (@mugalzhar_bilim_bolimi)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға