Жаңалықтар

Ішімдікке салынған ана кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырған

Ішімдікке салынған ана кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырған
Фото: ©pixabay.com 10.04.2024 18:14 1630

Ақтөбе қаласында ішімдікке салынған әйел 5-14 жас аралығындағы балаларын тастап кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін қалалық прокуратура медициналық куәландыру жүргізді. Қазіргі күні барлық балалар «Аяла» орталығына орналастырылып, педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек алып жатыр.

Аталған дерек бойынша балалардың анасын ата-аналық құқығынан айыруға қатысты материалдар жинақталып жатыр. Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Айта кетейік, "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрамында ведомствоаралық тобы құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға