Ішегі жыртылған: Қостанайда жасөспірімнің үстіне қақпа құлады
Фото: El.kz
Фото: El.kz
14.04.2023 15:39
1106
Үстіне футбол қақпасы құлаған 16 жасар бала қатты жарақат алған.
Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургиялық қызмет секторының меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала мекемеге 12 сәуірде түскен.
«Баланың 12 елі ішегі жыртылған. Өте күрделі жағдай. Ол түрлі асқынуға алып келуі мүмкін. Қазір оның өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған. Оған операция жасалды. Жағдайы ауыр. Ем жалғасуда», - деді Игорь Белобржицкий.
Дәрігердің айтуынша, осыдан екі апта бұрын облыстағы Ұзынкөл ауданында да осындай жағдай болған.
«16 жасар жасөспірімнің басына футбол қақпасы құлады. Ол ми жарақатын алды. Оның жағдайы орташа ауыр. Өкінішке қарай, қауіпсіздік мәселесі әлі де өзекті», - деді Игорь Белобржицкий.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жарамсыз Ту мен Елтаңба қалай жойылады
Келесі жаңалық
Абай облысында мектеп аумағындағы қазандықта жарылыс болды