Жаңалықтар

Іш киіміне жасырған: Павлодарда есірткі сатқан әйел адам қолға түсті

Іш киіміне жасырған: Павлодарда есірткі сатқан әйел адам қолға түсті
Фото: © Polisia.kz 07.11.2023 10:34 1110

Павлодарда есірткі сатқан әйел адам қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қала аумағында 31 жастағы әйелдің психоактивті заттарды байланыссыз тарататыны туралы жедел ақпарат алды. Полицейлер күдіктіні заңсыз заттардың кезекті партиясын тасымалдаған кезде ұстады. Күдікті кэш-бетбелгілерге орналастыру мақсатында тыйым салынған заттарды интернетте сатып алғанын мойындады.

Әйелдің іш киіміне жеке тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 12,4 грамм синтетикалық заттан жиырма бес байлам тәркіленді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 – бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға