«Іріңдеп кеткен». Айгүл Иманбаева денсаулығы сыр бергенін айтты
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva
06.11.2024 17:57
555
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева денсаулығы сыр бергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі сырқаттанып қалғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Түсірілімнен шыққанда, дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кеткен, сүйектерім қақсап, басым солқылдап кетті. Бірден медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Қан қысымымды өлшеп, маған система қойғалы жатыр. Мүлдем ауырмаңыздаршы. Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылу керек, амал жоқ, - деді өнер иесі.
Айта кетейік, әнші үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетінін мәлімдеген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазір қандай кітаптарға сұраныс жоғары?
Келесі жаңалық
Ыстамбұл әуежайында Wi-Fi тегін болады