Ирандағы жойқын жарылыстан 73 адам қаза тапты

Фото: ©ИРНА/Aboozar AHMADIZADEH
Фото: ©ИРНА/Aboozar AHMADIZADEH
03.01.2024 22:01
1164
Иранның Керман қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 73-ке жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ИРНА-ға сілтеме жасап.
Бүгін Керман қаласындағы бейітке барар жолда жойқын жарылыс болды. Алғашқы жарылыс Кассем Сулеймани жерленген бейіттен 700 метр жерде, ал екіншісі қажылар жолы мен бақылау қақпасының сыртында, мазараттан 1 шақырым жерде орын алған.
Жедел жәрдем қызметі басшысының айтуынша, зардап шеккен 170-тен астам адам ауруханаға жеткізілді. 73 адам қаза тапқан.
Оқи отырыңыз:
Керман губернаторының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бұл екі жарылыстың лаңкестік әрекет екенін растады.
Бөлісу:
