Иранда зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
30.01.2023 15:09
1073
Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыстар кезінде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Иран билігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ. Біздің елшілігімізге де ондай ақпарат түскен жоқ", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері Ирандағы әскери нысандарда бірнеше жойқын жарылыс болды. Бірнеше қалада әуе дабылы қағылды. Ал солтүстік-батыс жағында 5,8 балдық жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылдан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл сериялық шабуылдар емес. Сондықтан Қазақстанның Ирандағы елшілігінің қауіпсіздік шараларын күшейтуге негіз жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс беруге барады
Келесі жаңалық
Алматыда бейнебақылаудың озық технологиялары енгізілді