Жаңалықтар

Ирандағы тарихи оқиғалар және қазақтар

Ирандағы тарихи оқиғалар және қазақтар
27.08.2014 03:22 9829

XX ғасырдың бірінші жартысы екі бірдей дүниежүзілік соғыстың (1914-1918,1939-1945 жылдар аралығында) болған кезі екендігі тарихтан белгілі. Əлемдік саяси сахнада жаңа ұлы державалардың пайда болуына, олардың өзара бəсекелестік тартыстарына байланысты көптеген елдер солардың қыспағында өмір кешіп жатты. Иран елі де оның əсерінен тыс қалмады, əсіресе, иранның феодалдық бұрынғы саяси-қоғамдық құрылымын замананың жаңа өзгерістеріне икемдеу оңайға соқпады. Онда түрлі жаңа көзқарастардағы саяси партиялар, саяси ағымдар мен иранның рулық тайпаларының басшылары мемлекеттің əр тұсынан бас көтеріп, елдегі билік жүйесіне ықпалын жүргізгісі келіп жатты. Оларға сыртқы күштер де өз мүддесіне сай дем беріп тұрды. Иран екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі тарапқа да бірдей стратегиялық маңызға ие ел ретінде назарда болды. Оған əлемді боданында ұстап тұруға талпынған АҚШ мемлекетінің президенті Франклин Рузвельт (1882- 1945), Кеңес Одағының саяси көсемі Иосиф Сталин (1879- 1953), осыған дейін əлемнің жалғыз ұлы державасы болып келген Ұлыбритания елінің премьер-министрі Уинстон Черчилдің (1874-1965) қатысуымен Иран астанасы Тегеран қаласы 1943 жылы өткен төрт күндік бас қосу конференциясында əлем елдерінің тағдырын жаңаша сарапқа салуға қоналқы болды. Иран сондай саяси қарбалас тағдырды басынан өткізіп жатқанда елдің билік тізгіні Реза шаһ (1925-1941) пен оның ұлы Мұхаммед Реза шаһтың (1941-1979) қолында болды. Сол кездегі қариялардың əңгімесіне қарағанда, иранның шартарабы бүліктен тыным таппай жатқан болатын, Реза шаһ соның бəрін қатал режимге салып, қалпына келтірді. Сол үшін тарихта диктатор басшы ретінде ел жадында қалды. Ол иранның темір жолын, қара жолын шындап қолға алды. Ешкімнің артық ойы мен өкпе- назына қарамастан қатаң жұмыс тəртібін орнатты. Соның бірі «Бигари» режимін енгізгендігі еді. Бигари – жұмысқа жарамды барлық адамдарды тек қана тамақтандырып, тегін жұмыс істетеді. Ол кезде иранның мемлекеттік қазынасы жұпыны болғандықтан Бигари бағдарламасы еріксіз ұйымдастырылған шара еді. Реза шаһтың тағы бір елді дүрліктірген істерінің бірі-діні мен шийттік мəзһабының нанымдарына берілген иран халқының діни ұстанымын дұрыс бағамдай алмағандығы. Ол зайырлы мемлекет жасай- мын деп азаматтарды Батыс үлгісіндегі өмір сүру тəсіліне шақырды. Сөйтіп, əйелдер мен ерлердің Европаша киіну керектігін алға тартты. Əрине, иран жұрты оған қарсылық білдірді. Реза шаһтың дəл осы ұстанымы кейінгі жылдары иран елінің саяси толқуларының өзекті тақырыбына айна- лып, 1979 жылдың Ислам төңкерісінің негізін қалады. Сосын сол жылы Реза шаһтың баласы Мұхаммед Реза шаһты билік тағынан кетуге мəжбүр қылды. Сонымен, Иран мемлекеті мыңдаған жыл тарихы бар патшалық жүйені біржолата жойып, Иран Ислам Республикасын құрды.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға