Жаңалықтар

Иранда шаңды дауыл тұрып, мыңнан астам адам ауруханаға түсті

Иранда шаңды дауыл тұрып, мыңнан астам адам ауруханаға түсті
Фото: Pixabay.com 30.06.2023 10:00 1103

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинцияларында шаңды дауыл тұрып, салдарынан мыңнан астам адам ауруханаға түсті, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада Систан мен Белуджистанда жел күшейіп, ұсақ шаң пайда болуына байланысты кемінде 1 191 адам медициналық көмекке жүгінген.

Оқи отырыңыз:

Бір адам тыныс алу проблемаларынан болған асқынудан қайтыс болды, – деді провинцияның апаттарға қарсы күрес басқармасының басшысы Меджид Мохибби.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі көру, тыныс алу және жүрек проблемаларына байланысты ем қабылдауға жүгінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға