Жаңалықтар

Иранда алғаш рет әйел адам президенттікке үміткер болды

Иранда алғаш рет әйел адам президенттікке үміткер болды
Фото: TASS/EPA/ABEDIN TAHERKENAREH 03.06.2024 11:20 408

Биыл Иран Ислам республикасында 28 маусымда президент сайлауы өтеді. Бұл сайлауға қатысуға Иран Парламентінің бұрынғы депутаты Зохре Элахян да тіркелді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Иран президентінің сайлауына тіркеу 30 мамырда басталды. Бүгінге дейін 8 адам тіркеліп үлгерген. Атап айтқанда, Масуд Пезешкиан, Алиреза Закани, Сейед Ахмад Расулинежад, Хабиболла Дахмарде, Сайид Мохаммад-Реза Миртаджодини, Фада-Хосейн Малеки, Зохре Элахян және Вахид Хаганян үміткер болып отыр.

Үміткерлердің нақты тізімі 11 маусымда жарияланады. Сайлау науқаны екі аптаға, 12 маусымнан 26 маусымға дейін жалғасады. Сайлауға бір күн қалғанда «үнсіздік күні» жарияланады, бұл уақытта үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға