Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

Фото: Reuters/ Stringer / WANA
Фото: Reuters/ Stringer / WANA
22.05.2024 11:51
737
Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисидің денесі бейсенбіде, яғни 23 мамырда елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында жер қойнына тапсырылады. Раисидің жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мәжіліс Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, - делінген хабарда.
Еске салайық, Иран президенті мінген тікұшақ Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде апатқа ұшыраған еді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды