Иракта үйлену тойында отшашудан кемі 100 адам қаза тапты

Фото: korrespondent.net
Фото: korrespondent.net
27.09.2023 17:07
1500
Ирактың Ниневия провинциясындағы Әл-Хамдания елді мекенінде үйлену тойында отшашудан өрт шығып, кемі 100 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тағы 150-ден аса адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.
Ирактағы Қызыл Ай қауымдастығы қаза тапқандар мен жараланған адамның жалпы саны 450-ден асқанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында шаңырақ көтергісі келген жас жұбайлар да бар.
Eadaily.com-ның хабарлауынша, тойға жиналған жұрт салтанат сарайында мерекелік отшашу ұйымдастырып, оның соңы өртке ұласқан.
Бөлісу:
