Жаңалықтар

Ипотекалық несиеге қатысты жағымды жаңалық

Ипотекалық несиеге қатысты жағымды жаңалық
Фото: pixabay.com 22.01.2025 14:50 282

Ипотекалық несие алумен байланысты проблемалар саны азайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Бұл соңғы жылдары реттеушілік шараларды енгізудің және ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болды. Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша шағымдардың үлесі арыздардың жалпы санының 30% аспады, жалпы шағымдардың негізгі бөлігі тұтынушылық несиелерге қатысты болды. Осыған байланысты Банк омбудсманының бастамасымен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банк омбудсманының банктік қарыз шарттарының барлық түрінен туындайтын келіспеушіліктерді реттеуге құзыретін кеңейтетін заң жобасын дайындады. Бұл ипотекалық, тұтынушылық, автокредиттеу шарттары.

2024 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Банк омбудсманының құзыретін кеңейтетін заңға қол қойды. Нәтижесінде банктік қарыздардың барлық түрлері бойынша арыздар саны артты, - деді Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға