Жаңалықтар

«Iphone мен Dyson»: 2025 жылы тұрмыстық техника қымбаттайды

«Iphone мен Dyson»: 2025 жылы тұрмыстық техника қымбаттайды
Фото: Apple.com 02.12.2024 16:47 550

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкіметте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, импорттық тұрмыстық техника доллар бағамының өсуіне байланысты қымбаттауы мүмкін, бірақ халықтың әрқашан таңдауы бар. 

Мұнда тәуелділік көбіне доллар бағамына байланысты. Халық тұтынатын тұрмыстық тауарлар қымбаттауы мүмкін. Әрине, тауарлардың әртүрлі санаттары бар: қымбат импорттық тауарлар бар, орташа, бюджеттік нұсқа бар. Мұнда да, әрине, бағаның динамикасына қарау керек. Жиі өтетін сұраныстағы техникалардың бағасы тағы да өсуі мүмкін, - деді Нұрлан Байбазаров.

Ол сондай-ақ техникалар қымбаттаған жағдайда азаматтар тауарды бөліп төлеуге немесе несиеге сатып алуға болатынын еске салды. 

Баға қымбаттаған жағдайда азаматтардың таңдау құқығы бар екенін еске саламын. Банктер оған ешқашан шектеу қойған емес. Адамдар қандай да бір тауарды сатып алу үшін несие немесе бөліп төлеуге баяғыша ала береді, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға