Жаңалықтар

Интимдік қызмет көрсеткен адамдар жазаланады - Марат Қожаев

Интимдік қызмет көрсеткен адамдар жазаланады - Марат Қожаев
Фото: Үкімет 22.05.2024 15:39 640

Кеше эскорт қыздардың тізімін жасаған Айғаным Мырзахметова 6,6 жылға сотталды. «Айка тізімі» аталып кеткен іске қатысты Ішкі істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Интимдік қызмет көрсеткен адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өте шектеулі, - деді Марат Қожаев.

Ол сондай-ақ осы тізімге енген клиенттерге қатысты министр орынбасары «жеке өз басым оларды жазалауды қолдаймын» деп айтты.

2023 жылдың соңында желіде жезөкшелер мен қыздардың клиенттерінің жеке мәліметтері бар құжаттар жарияланды.
Кейбір мәліметтер бойынша, эскорт қыздарының қызметтерін пайдаланғандар тізімінде әртістер, спортшылар, мұнайшылар, жоғары оқу орындарының басшылары, олигархтардың ұлдары және шенеуніктер болған.

Еске сала кетейік, «Айка тізімін» жасаған блогер қыз 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға