Жаңалықтар

«Интерстеллар» дыбысы қалай жазылды?

Soundworks Collection сайтында «Интерстеллар» фильміндегі дыбыс эффектілері қалай жасалғандығы туралы видео-ролик жарық көрді. Видео-роликте Warner Bros дыбыс режиссерлері фильмдегі дыбыстарды жазу жұмыстарын баяндайды.
20.11.2014 08:02 3898

«Интерстеллар» дыбысы қалай жазылды?

Soundworks Collection сайтында «Интерстеллар» фильміндегі дыбыс эффектілері қалай жасалғандығы туралы видео-ролик жарық көрді. Видео-роликте Warner Bros дыбыс режиссерлері фильмдегі дыбыстарды жазу жұмыстарын баяндайды.

Ескерту: видео ағылшын тілінде, бірақ визуалды көру арқылы бәрін түсінуге болады.

Ричард Кинг атап өткендей, студия бастапқыда жапырақтарының сыбдыры және құмды дауылдың шуы сияқты қарапайым эффектілермен жұмыс істей бастады.

Бұл мақсатта студия қызметкерлері жүгері өсірумен айналысатын шағын фермамен келісіп, алдына дыбыс жазушы құрылғылар орнатылған көлікпен сол жүгері алаңымен жүріп өткен.

Ал құмды дауылдың дыбысын келтіру үшін инженерлер құмды үлкен қысыммен дыбыс микрофондары орнатылған қатты материалға бағыттап отырды. 

Ғарыш кемесінің ішіндегі дыбыс эффектілерін жасау үшін ескі ұшақтар тұратын алаң таңдалды. Студия қызметкерлері ұшақ қанаттарының құлау сәтіндегі дыбыстарды жазып алып, оны түрлі метал тарсылдаған шуымен араластырып жаңа эффектілер алды. Арнайы эффектілерді жасауда, жекелеген қойылым кезінде болмаса, синтезаторлар қолданылмады.


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға