Жаңалықтар

Интерпол өзге ұлтқа тіл тигізген блогерді іздеп жатыр

Интерпол өзге ұлтқа тіл тигізген блогерді іздеп жатыр
Фото: instagram.com/danapartner_ 29.01.2025 14:46 382

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев журналист Дана Орманбаеваны іздестірумен Интерпол айналысып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Дана Орманбаеваның Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша ұлттық алауыздықты қоздырды деген айыппен іздеуде екенін растады.  

Барлық тергеу шаралары оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған. Бұл іспен Интерпол айналысып жатыр. Қазіргі уақытта оның қайда екенін нақты айта алмаймын. Әлеуметтік желілерде оның БАӘ-ден оқиғаларға пікір білдіріп жатқаны жазылуда, бірақ бізде бұл ақпараттың шынайылығын растайтын дерек жоқ, — деп түсіндірді Қойгелдиев.

Айта кетейік, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға