Жаңалықтар

Интернеттегі ұлттық алауыздыққа қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды

Интернеттегі ұлттық алауыздыққа қатысты  6 қылмыстық іс қозғалды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев 17.04.2024 19:00 554

Интернеттегі ұлттық алауыздық пен сепаратизмді қоздырғаны үшін жыл басынан бері 6 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Интернет кеңістігі мен коммуникациялық ресурстардың (әлеуметтік желілер, чат-рулетка, мессенджерлер) дамуына байланысты біздің азаматтарымыз онлайн-әңгімелесу барысында (оның ішінде шетелдік пайдаланушылармен) қазақстандық заңнаманың талаптарын бұзған жағдайлар туындайды.

Атап айтқанда, азаматтардың ұлттық, нәсілдік және діни сезімдерін қозғайтын сепаратистік, экстремистік сипаттағы мәлімдемелерге жол беріледі.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық шаралары көзделген.

Мәселен, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін (ҚР ҚК 174-бабы) 2 мыңнан 7 мың АЕК (7 млн. теңгеден 26 млн. теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген сол мерзім.

Сепаратистік қызмет (ҚР ҚК 180-бабы) 1 мыңнан 5 мың АЕК (3,5 млн.теңгеден 18,5 млн. теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салуға не 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жылдың басынан бастап Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында 12 бейнеролик анықталды, онда шетелдік пайдаланушылар қазақстандықтарды ұлттық алауыздық пен сепаратизмнің тұтану белгілері бар мәлімдемелерге итермелейді.

6 факті бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Тағы 6 факт бойынша қатысушылармен қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын түсіндірумен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Осыған байланысты, ІІМ азаматтарды ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғушылардың сөздерін болдырмау бөлігінде ҚР заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға