Жаңалықтар

Интернет желісі арқылы есірткі таратқандар құрықталды

ҚР ІІМ
14.09.2016 10:33 3783

Жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында есірткіге қарсы полицейлер интернет ресурстары арқылы есірткі құралдарын өткізген қылмыстық топты әшкереледі.

Интернет желісі арқылы есірткі таратқандар құрықталды  

Қылмыстық топ 20-25 жас аралығындағы сегіз адамнан құралған. Олардың төртеуі Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі жоғарғы оқу орындарының студенттері. Республика аумағында есірткі өткізу Интернет ресурстардың көмегімен жүзеге асқан. Қылмыстық кесте «Qiwi-Кошелек» электрондық жүйесіне ақша аударуды көздеген. Осы топтың жетекшісі, өзіне сенімді деген ортадағы адамдармен байланыс орнатқан. Ол, есірткіге тапсырыс беретін ұялы телефондардың нөмірлерін беріп отырған. Клиенттер тапсырыс берген соң, «Qiwi-Кошелек» электронды жүйесі арқылы тапсырыс үшін ақша төлейді, содан соң оларға ұялы телефон арқылы есірткіні қай жерден алу керектігі хабарланады.

 Интернет желісі арқылы есірткі таратқандар құрықталды

Сонымен қатар, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері олардың жалдамалы пәтерінен заңсыз зертхананы және үй жағдайында қарасораны қолдан өсіруге арналған жылы-жай лампалары, желдеткіштер мен электронды приборларды анықтады. Тінту жүргізу кезінде 20 кг астам есірткі, оның ішінде 18 кг гашиш, сондай-ақ синтетикалық есірткі болуы мүмкін деген қызыл түсті ұнтақ алынды. Ол бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған топтың есірткі өткізді деген 10 фактіге қатыстығы дәлелденді. Ұсталғандар Алмалы аудандық сотымен қамауға алынды. 


Алмас САУДАНБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға