Жаңалықтар

Интернет сапасы неге нашар? Министр жауап берді

Интернет сапасы неге нашар? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.10.2023 15:40 1794

Министр Бағдат Мусин интернет сапасының нашарлығы үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, бұл уақытша құбылыс екен.

Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін елорда мен Алматы қаласындағы жағдайды түзетеміз деп сендіріп отыр, - деді министр.

Сондай-ақ ол интернеттің нашар болуын 5G-ден көрді.

5G технологиясына көшіп жатырмыз. Базалық станциялар біресе анда, біресе мұнда әкелінеді, - деді Мусин.

Министр 2025 жылдың соңына дейін еліміздің өңірлерінің 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылатынына сендірді.

2025 жылдың соңына дейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларының кем дегенде 75%, өңірлердің 60% аумағы 5G-мен қамтылады, - ведомство басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға