«Интер» Италия кубогын жеңіп алды

Фото: t.me/inter_milan
Фото: t.me/inter_milan
25.05.2023 09:55
814
Италия кубогының финалында «Фиорентина» мен «Интер» кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финалда Милан клубы «Фиорентинаны» 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Есепті алғаш болып «Фиорентина» ашқан. Николас Гонсалес 3-минутта мергендігімен көзге түсті. Дегенмен «Интер» сапында Лаутаро Мартинес дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша Милан клубы Италия кубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды.
Бұл – «Интердің» биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Симоне Индзаги командасы 2022 жылғы Италия Суперкубогының финалында «Миланды» (3:0) жеңген болатын.
Айта кетейік, 10 маусымда «Интер» Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Ситимен» кездеседі.
Бөлісу:
