Индорхоккейден Қазақстан құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды
![Индорхоккейден Қазақстан құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды Индорхоккейден Қазақстан құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды](/storage/storage/element/2024/05/16/mainphoto/104108/1200xauto_mjF5HeAK18vLYtiLFPFZnLfjL7LV8iD0Da1JVMO5.jpg)
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
17.05.2024 05:36
503
Чонбури қаласында (Таиланд) өтіп жатқан индорхоккейден әйелдер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің команда ақтық сында Таиландқа 2:6 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты.
Азия кубогында Қазақстан құрамасы топтық кезеңде А тобында сынға түсті. Жарыс барысында Вьетнамды 28:0, Малайзияны 5:1, Оманды 8:0, Иранды 5:1 есебімен тізе бүктірді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)