Индонезияда магнитудасы 5,6 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Магнитудасы 5,6 балды көрсеткен зілзала Индонезия жағалауында тіркелген.
АҚШ-тың геологиялық қызметі осылай деп мәлімдеді.
Жер сілкінісінің ошағы Матарам қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 202 шақырымда орналасқан. Ошақ тереңдігі 509 шақырымды құрайды.
Цунами қатері төнгендігі туралы ескерту жасалмады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда тұрғын үйден өрт шықты
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды