Жаңалықтар

Индонезияда қазақстандықтар қауымдастығы құрылды

Индонезияда қазақстандықтар қауымдастығы құрылды
Фото: gov.kz 18.12.2023 20:30 847

Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығы аясында Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денпасар қаласында (Бали аралы) өткен кездесу барысында Елші Сержан Әбдікәрімов отандастарымызды осы айтулы оқиғалармен құттықтап, Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен келешектері туралы хабардар етті.

Қауымдастық мүшелері Индонезиядағы өмір сүру және жұмыс жағдайлары туралы айтып, оларды қызықтыратын консулдық-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.

Іс-шараға қатысушылар Елшіліктің Қауымдастықты құру туралы бастамасын бірауыздан қолдай келе, оның төрағасын сайлап, алдағы жоспарларын белгіледі.

Анықтама: Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығы – қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қолдау, өзара көмек көрсету, өзіндік ерекшелігін сақтау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті негіздегі қоғамдық ұйымы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға